Премьер-Министр: Ауыл балаларын қосымша біліммен қамтуды ұлғайту керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауыл балаларын қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын пысықтау бойынша барлық шараларды қабылдауы тиіс. Оны «Bilimdi Últ» ұлттық жобасымен жедел үйлестіру қажет. Жалпы, «Bilimdi Últ» ұлттық жобасының жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізуі керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Премьер-Министр мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын арттыру үшін Оқу-ағарту министрлігіне биылғы 1-ші қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырды.

«Оқу-ағарту министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтсын», - деді Үкімет басшысы.


Фото: t.me/KZgovernment




Соңғы жаңалықтар