+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Премьер-Министр «Астана EXPO-2017» ЖЭС жұмысымен танысты

2020 жылғы 23 қыркүйек 15:09
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр «Астана EXPO-2017» ЖЭС жұмысымен танысты

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының 1-ші іске қосу кешенінің жұмысымен және 2-ші іске қосу кешенінің құрылысының аяқталуымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2-ші іске қосу кешенін пайдалануға беру және ЖЭС-тің 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр (қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілді).

«Астана EXPO-2017» ЖЭС 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр.

Жұмыс сапарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, энергетика министрі Н. Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы А. Сарқұлов және басқалары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT