Премьер-Министр Арыстағы мектепке барды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы 300 орындық мектепке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы бас сұққан білім ошағы 300 балаға шақталған. Аумағы 2,5 гектарды алып жатқан мектепте 115 адам жұмыс істейді. Оның 42-сі кіші персоналға жатады. Премьер-Министрге білім ошағының қыста дизельмен жылытылатыны айтылды.

null
Сондай-ақ, Асқар Мамин «Көктем-2» шағын ауданындағы 3 көпқабатты үйді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Былтыр ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген үшқабатты үйлерден 108 пәтер жарылыс кезінде бүлінген болатын. Жөндеу жұмыстарына Павлодар облысынан келген 100 жұмысшы тартылған.
null

Соңғы жаңалықтар