Премьер-Министр Алматыдағы Үкіметтің, министрліктердің және ведомстволардың бұрынғы ғимараттары қай баланста екенін айқындауды тапсырды

None
None
қпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы мемлекеттік мүлікті басқару мәселесі тұрғысында тапсырмалар берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік мүлікті басқару мәселесіне тоқталсақ, осыған байланысты Елбасының тапсырмасы болды. Яғни, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды өте шапшаң түрде облыстар аралығында бөліп, коммуналдық меншікке беру керек», деді Үкімет басшысы.

Сонымен бірге К. Мәсімов Байқоңыр бойынша мүлікті басқару мәселесіне қатысты жұмыстарды аяғына дейін жеткізуді жүктеді.

«Бұған дейін Үкімет, барлық басшылық, министрліктер мен ведомстволар Алматыда орналасқан болатын. Кейіннен біз Астанаға ауыстық. Ал сол босаған ғимараттарға бүгінде не болды, осы мәселені қазір шешіп алайық. Яғни, Үкіметтің, Қаржы, Индустрия және сауда министрліктерінің, сондай-ақ басқа да ведомстволардың ғимараттарына не болды. Қазір олар қай баланста тіркелген?», деп сұрау салды Премьер-Министр.

Осыған байланысты К. Мәсімов бұл тұрғыдағы мәселелердің барлығын айқындап, баяндауды тапсырды.

«Осы тұрғыда да біз барлығын тәртіпке келтіруіміз шарт», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар