Премьер-Министр Абай облысындағы өртке қатысты екі министрлікке тапсырма жүктеді

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкмет отырысында Абай облысындағы орман өртін тездетіп сөндіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған болатынбыз. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, өртті ауыздықтау әкімдік пен Төтенше жағдайлар, Экология министрліктерінің ортақ міндеті.

«Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғыс білдіреміз.

Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар