Премьер-Министр 3 G байланысының стандарттарын енгізу үшін радиожиіліктердің жолақтарын келісуді тапсырды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қорғаныс министрлігіне қарашаның 20-сына дейін 3 G  үшінші буынның мобильді байланысының стандарттарын енгізу үшін радиожиіліктердің жолақтарын келісуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жиілік ресурсы бұл да мемлекетіміздің дәулеті саналады. Оны жер қойнауымен салыстыруға болады», деді К. Мәсімов. Осыған байланысты Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру шараларын ілгерілету керектігін айтып өтті.

Өз кезегінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрғасы Қуанышбек Есекеев, ҚР Қорғаныс министрлігі радиожиіліктердің 95 пайызын иемденіп отырғанын,  мысал ретінде Англияның қорғаныс ведомствосының үлесінде жиіліктердің 30 пайызы ғана бар екенін жеткізді.

3 G - бұл үшінші буынның мобильді байланыс технологиясы. ТМД елдерінің ішінде 3G қызметін Ресей, Армения, Өзбекстан және Тәжікстан пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар