Премьер-лигада ойнайтын футбол командамыз болады - Түркістан облысының әкімі

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан Премьер-лигасы Түркістан командасымен толығады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына: «Қазақстанның Премьер-лигасында Түркістан облысының жеке футбол командасы бола ма?» деген сауал қойылған еді.

«Әрине болады. Мұндай стадион салынғаннан кейін Премьер-лигада команда болуы керек. Қазіргі уақытта бірінші лигада үш командамыз бар. Үшеуі де жоғары сатыда жүр - «Қыран», «Арыс», «Мақтаарал» командалары. «Қыран» - 2, «Арыс» - 3, ал «Мақтаарал» командасы 4-орында тұр. Қазір бізде осылардың арасынан құрастырып, Премьер-лигада ойнайтын бір команда шығарамыз деген ойымыз бар. Сонымен айналысып жатырмыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар