+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Премьер-лига: «Қайрат» тең түсіп, «Астана» жеңіске жетті

2020 жылғы 27 қыркүйек 20:12
Бөлісіңіз:
Премьер-лига: «Қайрат» тең түсіп, «Астана» жеңіске жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші турында екі ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойын Алматының «Қайраты» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы арасында болды. Бұл кездесуде барлығы 6 гол соғылды. Алдымен 6-шы минутта «Оқжетпес» ойыншысы Пламен Димов есеп ашты. Оған алматылық Небойша Косович 28, 38-минуттарда екі голмен жауап қайырды.

Ойынның екінші кезеңінің 46, 57-минуттарында көкшетаулық команда сапынан Артем Дмитриев мергендік танытты. Ал 73-минутта «Қайраттың» шабуылшысы Вагнер Лав таразы басын теңестірді. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ал елордалық «Астана» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасында тартысты ойын өрбіді. Елордалық клуб сапынан Жарко Томашевич 39, 65-минуттарда қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ал 77-минутта «Астана» сапынан Абзал Бейсебеков есепті ұлғайта түсті. Ойында елордалықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ұпай айырмашылығы төрт ұпайға қысқарды. Қазір «Қайратта» - 25, «Астанада» - 21 ұпай бар.

Сондай-ақ, аталған турда 26 қыркүйекте Жамбыл облысының «Таразы» мен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ. Командалар 0:0 есебімен тең тарқасты.

Аталған турда 29 қыркүйекте «Шахтер» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Қайсар» командалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT