Премьер-лига: елордада «Астана» командасы «Ақтөбеден» ойсырай жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3-турында елордалық «Астана» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық клуб өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Ойын барысында ақтөбелік командадан Максим Самородов 18, Андрия Филипович 40, 51-минуттарда мергендік танытты. Оған елордалық Абзал Бейсебеков 78-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ойынның 91-минутында ақтөбелік клубтан Абылайхан Жұмабек қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Бүгінгі тағы бір кездесуде қызылордалық «Қайсар» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасымен шеберлік байқасты. Ойынның бірінші кезеңінде «Қайсар» сапынан Валерий Приндета 4, Горан Милойко 45, «Ақсу» сапынан Брайан 10, Мирас Тұрлыбек 20-минутта гол соқты.

Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, Шымкенттің «Ордабасы «Жетісуды» 2:0, Тобыл» «Шахтерді» 2:1 есебімен «Қайрат» «Каспийді» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді 15 наурызда «Мақтарал» мен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Қызылжар» ойнайды.

Еске салсақ, алғашқы екі турдан кейін «Ордабасы» командасы көш бастап тұр.


Соңғы жаңалықтар