Премьер-лига: «Астана» жеңіліп, «Қайрат» тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лиа командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 15-тур ойындары болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш турдағы негізгі кездесу Шымкент қаласында өткізілді. Жергілікті «Ордабасы» елордалық «Астана» командасын қабылдады. Кездесудің 28-минутында алаң иелері қатарынан Мардан Төлебек есеп ашса, Мирзад Механович 36-минутта есепті үстемелей түсті. Бұдан кейін 44-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңнің 47-минутында шымкенттік Тоқтар Жаңғылышбай мергендік танытты. Оған «Астана» сапынан 75-минутта Роман Муртазаев бір голмен жауап қайырды. Ойын 3:2 есебімен «Ордабасының» жеңсімен аяқталды.

Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Аталмыш кездесуде қостанайлықтар қатарынан Сенан Себаи 58-минутта есеп ашса, 69-минутта Азат Нұрғалиев есепті үстемелей түсті. «Тобыл» «Оқжетпесті» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Қызылорданың «Қайсар» командасы өз алаңында «Таразбен» кездесті. Алаң иелері сапынан Куле Мвомба есеп ашса, 30-минутта Абзал Таубай таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Павлодарда жергілікті «Ертіс» пен Қарағандының «Шахтер» , Алматыда «Қайрат» пен Талдықорғанның «Жетісу» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір Атырауда жергілікті «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп 1Ү1.

Енді 16-тур ойындары 30 маусым күні өткізіледі. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Ертіс», «Астана» мен «Қайрат», «Жетісу» мен «Тобыл», «Оқжетпес» пен «Атырау», «Ордабасы» мен «Қайсар», «Шахтер» мен «Тараз» командалары кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, сәрсенбі күні Қазақстан кубогы финалына «Қайсар» және «Атырау» командалары жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар