Праймериз: Жетісуда сайлаушылардың 81% дауыс беріп үлгерді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу өңіріндегі «Nur Otan» партиясы мүшелерінің 81% праймеризге дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде праймериз кандидаттарына дауыс беру 1 қазанда басталды. Статистикалық мәліметке жүгінсек, республика бойынша 3 қазандағы ақпарға сай 12:30-ке дейін дауыс бергендер жөнінен Алматы облысы көш бастап тұр. Жетісу өңірінен 67 033 (81,9%) «Nur Otan» партиясының мүшесі дауыс берген. Екінші орында Түркістан облысы жайғасса, Қарағанды облысы үздік үштікті түйіндеген. Ел бойынша дауыс бергендердің саны 531 332 астам адам (3 қазандағы 12.00 сағ. мәлімет).

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жалпы 81840 партия мүшесі бар. Олар 1047 кандидатқа дауыс бермек. Дауыс беру 1-3 қазан аралығын қамтиды және онлайн режимде мобильді қосымша, primaries.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Онлайн дауыс беруге мүмкіндігі жоқ партия мүшелері 3 қазанда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дәстүрлі дауыс беруге қатысады. Дауыс берушілер сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге мүмкіндік бар. Дауыс беру учаскелерінде онлайн кабиналар және интернет байланысы төмен елдімекен тұрғындары қағаз бюллетеньдер арқылы өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар