Праймериз: Жетісуда алғашқы дауыс беруші анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Бүгін Праймериздің шешуші кезеңі сағат 00:00-ден бастау алып, алғашқы дауыс берушілер де анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның бірі, Талдықорған қаласында бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы жас маман Айдана Карибжанова.

Айдана Ахатқызы қазіргі таңда үй шаруасында болса да, еліміздегі бас партияның праймеризі жайындағы жаңалықтар қатарынан қалмай, ұялы телефонынана «Праймериз» қосымшасын жүктеп алған.

Айдана Карибжанова «Өзім партияның мүшесімін және «Nur Otan» партиясының праймериз жүйесінде онлайн дауыс беру әдісін жасағанын қолдаймын. Әсіресе біз секілді, үй шаруасындағы жас аналарға уақытымызды үнемдегенде жақсы. Дауыс беру учаскесіне барудың да қажеті туындамайды. Үміткерлермен тағы бір мәрте танысып шығып, өз таңдауымды жасадым» - деді А.Карибжанова.

Бүгін, 1 қазан сағат 00.00-ден бастап «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысатын кандидаттар үшін онлайн дауыс беру басталды. Онлайн дауыс беру мобильді қосымша, primaries.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Ал 3-ші қазан күні, сағ.08.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге мүмкіндік бар. Дауыс беру учаскелерде онлайн кабиналар және интернет байланысы төмен елді мекен тұрғындары үшін қағаз бюллетеньдер арқылы өткізілмек.

Праймериздің шешуші кезеңі болып табылатын үміткерлер үшін жетісулық 80 мыңнан астам партия мүшесі дауыс бермек. Ал жалпы Алматы облысында праймеризге 1047 үміткер қатысуда.

3 қазан күні таңғы сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелерінде онлайн кабиналар және интернет байланысы төмен елді мекен тұрғындары қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс береді. Дауыс беру күні үміткерлердің байқаушылары қатысып, дауыс беру процесінің әділ, ашық өткізіліп жатқанын көруіне болады.


Соңғы жаңалықтар