Праймериз жастарға үлкен мүмкіндік сыйлады – Ақкербез Ораш

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесінің бірінші орынбасары Ақкербез Ораш праймеризге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте праймериз жастарға үлкен мүмкіндік сыйлады. Елімізге жаңа көшбасшылар, мықты лидерлер қажет. Праймериздің де басты міндеті осы - болашағынан зор үміт күттіретін жастарды мемлекеттік қызметке, билік басындағы жоғары лауазымдарға тарту», - деді Ақкербез Ораш.

Оның айтуынша, жеңіске жетпеген кандидаттар да партияның кадрлық резервінде қалады.

«Қатысушылар пікірталаста өздерінің алдағы жоспар ымен бөлісуге, тұрып жатқан өңірінің даму жолына қатысты бағдарлама ұсынып, түйіні тарқамаған түйткілді мәселелерді көтеруге мүмкіндік алды. Нақты айсақ, кандидаттар білім, медицина, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлік салаларына және экологияға қатысты проблемаларды ашық айтты», - дейді партия өкілі.

Өз сөзінде ол онлайн дауыс берудің әділ өткенін, халықтың сайлау нәтижесін сәт сайын қадағалап отырғанын жеткізді.

«Қазір елдің көзі ашық. Ешкімді алдай алмайсың. Әр азамат өз таңдауын жасаған соң бірден кандидатқа оның дауысы қосылып отырды. Біреудің дауысын алып тастау немесе дауыс қосып жіберу деген болған жоқ. Менің ойымша, сайлауды осындай форматта өткізген өте тиімді. Себебі дүйім жұрт сайлау учаскесіне барып жүрмей, үйінде отырып-ақ дауыс бере алады», - деді Ақкербез Ораш.


Соңғы жаңалықтар