Праймериз жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік берді – Паралимпиада чемпионы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылдық белгілі спортшы Рио-де-Жанейро Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина «Nur Otan» праймеризінде өз таңдауын онлайн түрде жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зүлфия Ғабидуллина «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. Бүгін ол өз үйінде компьютер арқылы «Primaries.kz» ақпараттық жүйесіне кіріп, дауыс берді.

«Nur Otan» партиясының праймеризі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Мен әлеуметтік желі арқылы үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен жан-жақты таныстым. Олардың ішінде өзім бұрыннан білетін азаматтар да аз емес. Сонымен қатар ішкіпартиялық іріктеу жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік жасады деп ойлаймын. Қаншама жастың талабы мен талпынысына қарап сүйсіндім. Өз басым осындай лайықты тұлғаларды қолдау керек деп есептеймін», - дейді ол.

Спортшы карантин уақытында адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі өте маңызды екенін ескеріп, праймеризде сақтық шараларын естен шығармау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, ол онлайн дауыс берудің тиімділігіне тоқталып, барша үміткерлерге сәттілік тіледі.


Соңғы жаңалықтар