Праймериз: Түркістан облысында 80 мыңға жуық адам дауыс береді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жұртшылық праймеризге онлайн режимде белсенді түрде дауыс беруде. Өңірде бүгіннен бастап өз таңдауларын жасауға кіріскен түркістандықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, праймеризге облыстың барлық аудан-қалаларынан 1076 адам қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 207 (19,2%), өзін-өзі ұсынған – 869 (80,8%), әйелдердің үлесі – 353 (32,8%), жастардың үлесі – 312-ні (28,9%) құраған. Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 4 адамнан тіркелген. Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 320 орын бар. Ал, 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында 209 дауыс беру орны белгіленді. Оның ішінде 170 орында дауыс онлайн форматта, 39 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен беріледі.

Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183 (87,1%) онлайн, 10079 (12,3%) қағаз бюлетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы осы праймериз барысында облыстық және аудан, қаладағы филиалдар 77 мыңдай азаматты авторизациядан өткізген. Партия мүшелерін түгендеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған. Бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 14-30 қыркүйек аралығында 233 дебат ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар