Праймериз: Өскеменде дауыс беру белсенді жүруде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жұртшылық праймеризге онлайн режимде белсенді түрде дауыс беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 қазанда сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Өскеменде сайлаушылардың 69 пайызы дауыс берген. Бұл праймериз жүйесіне тіркелген 6918 партия мүшелерінің 4748-і.

«Өскеменде 82 қатысушы бар. Дауыс беру белсенді түрде жүргізілуде. Үміткерлер белгіленген ережелер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Қатысушылар халықтың барлық топтарының өкілдері: жастар, мүгедектер, мұғалімдер, дәрігерлер, көпбалалы аналар және тағы басқалар», - дейді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Жақыпов.

Оның айтуынша, 82 қатысушының тек 8-і ғана депутат, қалғандары бұрын сайланбағандар.


Соңғы жаңалықтар