+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Праймериз: «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылдау 4 қазанға дейін тоқтатылады

2020 жылғы 11 қыркүйек 15:20
Бөлісіңіз:
Праймериз: «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылдау 4 қазанға дейін тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің отырысында «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылдауды биылғы 11 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі аралықта, яғни дауыс беру аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Соңғы кезде бізге жекелеген азаматтардан «өз» кандидаттарына дауыс бергізу мақсатында партияға мәжбүрлеп кіргізу туралы «арыздар» түсуде. Бұған мүлдем жол беруге болмайды деп есептеймін. Мұндай әрбір фактіні түрлі деңгейдегі партиялық бақылау комиссиясы жан-жақты қарайтын болады.

Жарғымызға сәйкес партияға мүше болу еліміздің әрбір азаматының ерікті және өзіндік таңдауы болып табылатынын тағы да атап өткім келеді. Сонымен, 1 тамыздан бері «Nur Otan»-ға 25 мыңдай жаңа белсенді азамат мүшелікке өтті. Соңғы жылдары «партияластар қатарын тазарту» аясында «Nur Otan»-нан 256 мың адам шығарылған болатын. Бүгінде партиямыз қатарында барлығы 835 мың қазақстандық бар» деп жазды Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, ол дауыс беру кезінде онлайн-дауыс берудің айқындығын қамтамасыз ету үшін қандай тәсіл қолданылатынын атап өтті.

«Өздеріңізге мәлім, праймеризде онлайн-дауыс берудің айқындығын қамтамасыз ету үшін біз арнайы растау (верификация) жүйесін пайдаланып отырмыз (тұлғаны интернет-банкинг үлгісі бойынша анықтау). Жүйенің принципі: «Бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес». Егер осы деректердің бірі сәйкес келмесе, онда адам «праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркеле алмайды, яғни дауыс бере алмайды. Мұның барлығы түрлі айла-шарғыға, бұрмалаушылықтарға, сондай-ақ ықтимал жаппай дауыс беруге жол бермеу мақсатында істеліп отыр», - деді ол.

Сөз соңында Партия Төрағасының бірінші орынбасары барлық тәртіп бұзу фактілері бойынша 8 (800) 080 4441 (қоңырау соғу тегін) жедел желісіне не komek@nurotan.kz электронды почтасына хабарлауға болатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT