Праймериз: Қостанай облысында 1 500 партия мүшесі дауыс берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңінде 1500-нан астам партия мүшесі өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қостанай облысы бойынша партияішілік сайлауға 800 адам қатысып жатыр.

«7 қыркүйектен бастап әрбір кандидат ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Олар бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, тұрғындардан түскен шағым-ұсыныстарды жинап, жария пікірталастарға қатысты. Ал 1-3 қазан аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал primaries.kz арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні, 3 қазан күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньмен дауыс беруіне болады», - деді агенттік тілшісіне Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Әсел Ахан.

Айта кетейік, Қостанай облысы бойынша 156 дауыс беру учаскесі орналастырылды. Дауыс беру барысында барлық санитарлық нормалар сақталады.


Соңғы жаңалықтар