Праймериз: дауыс берушілер саны жағынан Алматы көш бастап келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Праймеризде дауыс берудің алғашқы күннің нәтижесі бойынша Алматы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың 8 ауданында 13 мың партия мүшесі дауыс берген.

Бұл Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларымен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш.

Айта кету керек, Алматы қалалық филиалында 58721 партия мүшесі бар. Оның ішінде ақпараттық жүйеде 52929 партия мүшесі тіркелген.

Партия мүшелерінің басым көпшілігі Бостандық ауданында тұрады. Ал Медеу ауданында ең көп, яғни 45 партия мүшесі праймеризге қатысып жатыр.

Дауыс берудің бірінші күнінің жартысында Наурызбай мен Алатау ауданының бастауыш партия ұйымдары мүшелері белсенділік танытса, қазір «көшті» Медеу және Әуезов аудандары бастап келеді.

Бұл аудандарда ең көп дауыс берушілер тіркелді.

Материал жарияланған сәтте Алматыда 24 мың партия мүшесі дауыс берген.


Соңғы жаңалықтар