Праймериз арқылы партия жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастырады - Сағынтай Елубаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Праймериз арқылы партия жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Сағынтай Елубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жыл жер жаһанды жайлаған төтенше жағдай мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне күтпеген өзгерістер алып келді. Бұл орайда, басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынғанын айта кеткен жөн. Соның бірі - «Primaries» ақпараттық жүйесі. Бұл қосымша арқылы әрбір партия мүшесі өзінің ұялы телефоны арқылы, үйінде отырып дауыс бере алды», дейді Сағынтай Елубаев.

Ол атап өткендей, бүгін барлық республика көлемінде, праймеризге қатысушыларға дауыс беру науқаны басталып кетті.

«Бүгінде партия тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылуда. Праймериз тәсілі арқылы партия жаңа «әлеуметтік лифт» қалыптастырмақ яғни, алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін тұлғаларды іріктеп алмақ. «Nur Otan» партияішілік іріктеуді ашықтық пен жариялылық қағидаларына сай өткізуді жоспарлап отыр. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшті. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталды. Суырылып шыққан мықтылар, елге сөзі өтетін беделділер партия атынан үміткерлер тізіміне ілініп, одан әрі үлкен сайлауға түседі.Ел дамуының, саяси жаңғыру жолындағы бастамасы сәтті жүзеге асып жатыр деген сенімдемін», - деп толықтырды Сағынтай Елубаев.


Соңғы жаңалықтар