Праймериз: Алматыда төрт мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түске дейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының 4 мыңнан астам мүшесі дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының 8 ауданында нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр, олардың басым бөлігі Бостандық ауданында тұрады, ал праймеризге қатысушылардың көбі – 45 кандидат Медеу ауданында тіркелген.

«Жалпы, Алматыда партияның 58 721 мүшесі бар, оның ішінде ақпараттық жүйеде 52 929 адам авторизацияланды. Бұл жалпы санының 90%-ын құрайды. Электронды дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сіз primaries.kz сайтында, мобильді қосымша және дауыс беру учаскелеріндегі онлайн-кабинеттер арқылы таңдаған кандидатқа дауыс бере аласыз. Дауыс берудің соңғы күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Алматыда олардың саны 37»,– деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Учаскелердің орналасқан жері туралы ақпаратты «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының ресми аккаунтынан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар