Праймериз: Ақтөбеде шалғай аудандағы партия мүшелері дауыс беріп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің шалғай аудандарындағы партия мүшелері онлайн дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәртөк ауданында «Nur Otan» партиясының 1 017 мүшесі бар. Олар 9 учаскеде онлайн дауыс бере алады.

«Достық ауылының мектебінде мұғаліммін. Қосымша шаруашылықпен айналысып, қой және қоян басын көбейтіп отырмын. Еліміздегі қазіргі жағдайды ескере отырып, онлайн дауыс беруді ұйғардым. Бәрі тиімді ұйымдастырылған. Өзім де, ауылдықтар да өте риза. Ешқайда сабылып жүрудің қажеті жоқ. Әркім өз үйінен таңдауын жасай алды. Мысалы, мен аудан экономикасына пайдасын тигізер, саяси-қоғамдық өмірде ойып тұрып орын алар белсенділердің жеңіске жетіп, ел игілігі үшін жұмыс істеуін қолдап, дауыс бердім», - деді Мәлік Сәрсенов.


Айта кетейік, облыс бойынша жас маман Алтынай Нұрланова алғаш боп таңдауын жасаған. Ол Шалқар ауданында тұрады. Уақытқа да, жердің шалғайлығына да қарамастан тиімді жүйемен дауыс бергеніне дән риза.

«Өзім ағылшын тілінің мұғалімімін. Шетелдің озық тәжірибесінен хабарым бар. Елімізде праймериз өтетінін естігенде елең еттім. Жаңалықтарды әлеуметтік желіден бақыладым. Ұялы телефоныма «Праймериз» қосымшасын жүктеп алып, дауыс беруді асыға күттім. Онлайн дауыс беру қызықты әрі таңдаған кандидатыма тезірек қолдау білдіргім келді», - деді ол.

Жалпы Шалқар ауданынан «Nur Otan» праймеризіне 30 кандидат тіркелді. Оның 26 пайызы жасы 35-ке толмаған азамат.


Соңғы жаңалықтар