Праймериз: Ақтөбеде 27 мыңға жуық партия мүшесі өз таңдауын жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Nur Otan» праймеризіне қатысқан кандидаттармен кездесті. Өздеріне және партияға сенім артып, партияішілік сайлауға белсенді атсалысқандары үшін оларға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғам өзгеріп, өмірімізге күн сайын бір жаңалық енгізіліп келеді. Мұндай форматтағы партияішілік іріктеу елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Саяси жаңашылдық халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, ел тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытты. Ақтөбелік кандидаттар да ел алдында өздерінің бағдарламаларын таныстырып, мемлекетіміздің дамуына мүдделі, жігерлі, білімді әрі белсенді азаматтар екендіктерін көрсетті. Тіркелген үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын ашық әрі белсенді жүргізді. Бұл «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасының бастамасымен көтерілген жаңашылдыққа және партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың зор сенімінің одан әрі артқанын білдіреді», - деді аймақ басшысы О.Оразалин.
Партияішілік сайлауда өңірімізден 460 кандидат бақ сынады. Олардың 36,7% әйел, 28% 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 50,4% ұсынылса, 49,6% өзін өзі ұсынды. Тіркелген үміткерлер үгіт-насихатты белсенді жүргізді. Олар 6 мыңнан астам кездесу өткізіп, бағдарламасын ұсынды. Оның 642-сі онлайн форматында ұйымдастырылды.
«Партияішілік сайлауға белгілі тұлғалар да, мықты кәсіпкерлер де, жалынды жастар да қатысты. Праймериз халық арасындағы ауқымды мәселелермен танысуға мүмкіндік берді. Партияластармен кездесуде және жарияпікірсайыс барысында халықтың әлеуметтік мәселелерін ашық көтере білдік. Дауыс беру ашық әрі әділ өтті», - деді үміткер Жұлдыз Қожабекова.
- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Жансақтау бөлімінен шыға сала науқастарды емдеуге кірістім – ақтөбелік дәрігер Ерлан Тәтімов
- Ақтөбе облысының қоймасынан қажетті дәрі-дәрмектер табылмады
- Ақтөбеде мұнай өнімдерін ұрлап, Ресейге сатқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
-
Ақтөбе тұрғыны банк өкілімін деп хабарласқан адамға сеніп, 1,2 млн теңгесінен айырылды
-
Жемқорлық туралы ақпарат берген ақтөбеліктерге 2 млн теңге сыйақы берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам