Праймериз: Ақтөбе облысында 14 мыңға жуық партия мүшесі өз таңдауын жасады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы өкілдерінің дауыс беруі белсенді өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Партияішілік сайлауда дауыс берудің екінші күні, яғни, 2-қазанда сағат 12-00 дейін 13938 мың нұротандықтың дауыс бергені белгілі болды. Олардың басым бөлігі Ақтөбе қаласы мен Шалқар, Мұғалжар, Хромтау аудандарынан.
Жалпы облысымызда «Nur Otan» партиясының 30896 мүшесі 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге қатысады деп жоспарланған. Олар 211 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.
Осыған дейін облыстың қала, аудандарында 118 дауыс беру орны белгіленді. Оның 76-ы онлайн форматта, 46 участокте дәстүрлі қағаз бюллетенімен дауыс береді.
«Праймеризге облыстың барлық аудан, қалаларынан 460 кандидат қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан –232, өзін-өзі ұсынған – 228. Әйелдердің үлесі –169, жастардың үлесі – 129 құрады. Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 3 адамнан тіркелді. Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 202 орын бар.
Дауыс беруге қатысатын 30896 партия мүшесінің 27400-і (88,7%) онлайн, 3496-сы (11,3%) қағаз бюлетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 205 компьютермен және интернетпен қамтамасыз етілді. Праймериз барысында партияның облыстық, аудандық және қалалық филиалдары 30,7 мыңнан астам партия мүшесіне авторизация жүргізді. Дауыс берудің соңғы күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Ақтөбе облысында олардың саны 118», - деп хабарлады «Nur Otan» партиясының АОФ баспасөз қызметі.
- Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды - ҰҚК
- Ақтөбеде облыс әкімінің есебі онлайн өтеді
- Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды
- Жақсылық жаса: Ақтөбелік қараусыз қалған 80 жастағы қарияны өз қамқорлығына алды
-
Ақтөбеде қаңтар айында 55 адам көлік апатынан зардап шеккен
-
Ақтөбедегі спорт сарайы УЕФА талабына сай емес
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам