Праймериз: Ақтөбе облысынан Мәжіліске 4 үміткер тіркелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысынан ұсынылған үміткерлердің ішінде жастар және медицина қызметкері бар. Олар «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясында пікірсайыс пен дауыс беру қорытындысы арқылы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Олар өз сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жобаларын ұсынды. Кейбірі өзекті мәселелерді қозғап, шешу жолын көрсетті.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша 15 үміткерге «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 109 делегат дауыс берді. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған төртеуі облыстың өкілдік квотасына сәйкес Мәжілістегі партиялық тізімге үміткер ретінде тіркелді.
Нәтижесінде Грек-рим, еркін және әйелдер күресі облыстық федерациясының президенті Рахат Сыдықов ең көп дауыс жинады. Екінші орынды 96 дауыспен мемлекеттік қызметкер Аманғали Бердалин иеленді.
Сонымен бірге тізімге «DARU Medical Group» бас директоры Ғалымжан Елеуов, «Jas Otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин кірді.
«Праймериз – біздің ортақ жеңісіміз. Мақсат бір. Ол мақсат – ел мен халыққа қызмет ету, мемлекетімізді көркейту. Пікірсайыс барысында түрлі мәселе көтерілді, оның шешу жолдары да айтылды. Мұнда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей ең үздігі анықталды», - деді партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин. Конференцияда облыстық мәслихатқа 50 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді. Оның ішінде әйелдердің үлесі 9 пайыздан 30 пайызға ал 35 жасқа дейінгі жастар қатары 20 пайызға артты. Тізімдегілердің 41 пайызын шағын және орта бизнес өкілдері құрады. Ал білім беру саласы 13 пайыз, квазимемлекеттік сектор – 8 пайыз.
Айта кету керек, облыс бойынша праймериздің бірінші кезеңіне 460 үміткер қатысты. Оның 36,7 пайызын әйелдер, 28 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрады.
Дауыс беруге 28,6 мыңнан астам партия мүшесі қатысты.
- Депутаттар қандастардың құжаттарын ретке келтіру мәселесін көтерді
- Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды - ҰҚК
- Нығматулин: Заң жобасы ТМД елдерінен асыл тұқымды малдарды кедергісіз әкелуге жол ашады
- ЕАЭО аясында асыл тұқымды мал шаруашылығы нарығын дамыту тәртібі айқындалды
-
Мәжіліс Моңғолия азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған құжатты мақұлдады
-
ТМД елдері арасында ұрланған көліктерді қайтарудың жолы жеңілдетіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам