+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Прайм-таймда көрсетілетін ұлттық фильмдер саны артады

2018 жылғы 4 желтоқсан 13:12
Бөлісіңіз:
Прайм-таймда көрсетілетін ұлттық фильмдер саны артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Прайм-таймда ұлттық фильмдер көрсетілсе, киноөндірушілер мен кинотетрлар салықтық жеңілдіктер алады. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Кинематография туралы» заң жобасы талқыланды.

«Қазақстан аумағына енген фильмдер қазақ тіліне дубляждалуы тиіс. Бұл норма осыған дейін декларативті сипатқа ие болып, тиісті деңгейде жұмыс істемеді. Енді бұл заңнама орындалуы үшін Кинематография туралы жаңа заң жобасында ел аумағына кірген фильмді қазақ тіліне аудару тұрғысында дубляждау, не субтитрлеу, не фильмдерге кадрдан тыс аударма жасау ескерілген. Яғни, бұл Қазақстан аумағына жеткізілген фильмдердің барлығы қазақша нұсқасымен болуы үшін жасалып отыр», - деді вице-министр комитеттің отырысынан кейін тілшілерге жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, осы заң жобасы бойынша прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдердің көрсетілуін ынталандыруға қатысты норма енгізілген. Бұл ретте салықтық жеңілдіктер қамтылып отыр.

«Заң жобасы салық жеңілдіктерін қарастырады. Атап айтқанда, фильмдер өндірісі кезінде инвестор үшін киноөндіруші компанияларды қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Сондай-ақ фильмдердің құқық иеленушілерін және прокаттау кинокомпанияларын, яғни ұлттық фильмдерді прокаттау кезінде кинотеатрларды корпоративтік табыс салығынан босату көзделіп отыр. Біз мұндай норма шетелдік картиналардың алдында олардың (ұлттық фильмдердің) кепілді артықшылығын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінде талқылау барысында ҚР Мәдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT