Практикалық журналистика бойынша бейнекурс шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамды даму министрлігінің қолдауымен «Хабар» агенттігі мен М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Меморандумның аясында осы жылы ашылған «Журналистика: аналитика және тергеу» атты жаңа бірегей мамандығының студенттерде практикалық журналистиканы оқуға мүмкіндіктері бар. Агенттік шығармашылық емтихандар нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі талапкер үшін тегін оқуға гранттар бөлді.

Қазіргі уақытта ұйымдар «Жаңалықтар журналистикасы» және «Тергеу журналистикасы» пәндерін асинхронды оқытуға арналған курстарды құру бойынша жалпы жоба аясында жұмыс істеуде. Алдағы уақытта әзірленген контентті тек КАЗГЮУ студенттері ғана емес, басқа да оқу орындарының студенттері де пайдалана алатын болады.

«Қазір біз бір орнында тұрмайтын уақытта өмір сүреміз. Жаңа мамандықтардың пайда болуы жайдан жай болып тұрған жоқ. Жас маман теорияны практикада қолданғанша, алған білімі ескіріп үлгереді. Нағыз білімді тек жұмыс жасап жүріп қана аласың. Журфактың түлектері бірден кәсіби ортаға ену мүмкіндігіне ие болуы үшін біз эксперимент жүргізуді ұйғардық және ол жақсы нәтиже береді деп үміттенемін», - деді «Хабар» Агенттігінің төрағасы Ерлан Бекхожин.

Бұл жұмысқа «Хабар 24» телеарнасының және «Хабар» телеарнасының «Журналистік тергеу бөлімінің» қызметкерлері тартылған. Олар: режиссерлер, сценаристер, редакторлар, продюсерлер.

- «Хабар» агенттігімен меморандумға қол қою біздің университет үшін және отандық журналистика үшін маңызды оқиға болып табылады деп үміттенеміз. КАЗГЮУ Қазақстанның басқа жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, біз журналистика бағыты бойынша студенттерді оқытуды да осындай деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп КАЗГЮУ Университетінің провосты Сергей Пен атап өтті.

Кездесуде тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандардың жетіспеушілігі, жарияланған материалдардағы фактологиялық талдаудың жетіспеушілігі мен әдептіліктің деңгейі, сондай-ақ жаңа озық жобалармен жұмыс жоспарларын талқылады.


Соңғы жаңалықтар