+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Прагада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары бойынша брифинг өтті

2021 жылғы 14 қаңтар 18:48
Бөлісіңіз:
Прагада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары бойынша брифинг өтті

ПРАГА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінде чех сарапшылары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау қорытындыларына арналған онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды БҚО мәслихатының депутаттығына кімдер сайланғаны белгілі болды

Іс-шараға бірқатар жергілікті басылымдардың өкілдері қатысты: «Чех жаңалықтары», «Прага жаңалықтары», «Мемлекеттік жаңалықтар», «Ақпараттық Прага», «Алло, жаңалықтар», «E15», «Чехия радиосы», «Чех орталық телеарнасы», сондай-ақ «Integral TV» еуропалық интернет-порталының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Қазақстанның сайлау заңнамасындағы жаңалықтар, сайлауға қатысқан саяси партиялар туралы, сайлау процесінің барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы, Мәжіліс сайлауындағы дауыс берудің нәтижелері туралы, сондай-ақ өткен сайлауға халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің берген бағалары туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде чех сарапшылары Қазақстанның саяси өміріндегі осы аса маңызды оқиғаға үлкен қызығушылық танытып, Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы жағдайында дауыс берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Прага жаңалықтары» басылымының бас редакторы Алеш Флитчер өз сөзінде: «Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде өтті. Бұған халықаралық байқаушылардың, соның ішінде Чехия өкілдерінің көптеген бағалары дәлел. Маған сайлау науқанының өзі, әсіресе Қазақстанның саяси тәжірибесінде алғаш рет енгізілген «праймериз» жүйесі ерекше әсер қалдырды».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT