Прага әуежайында екі ұшақ соқтығысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Прага әуежайында чехиялық Smartwings лоукостерінің екі ұшағы соқтығысып қалды, деп хабарлайды iDnes.cz.

Оқиға 17 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша шамамен 14:00 кезінде болды. Соқтығысқан екі ұшақтың бірі Мадейруге, екіншісі - тунистік Монастирге ұшуы керек болған. Жерден көтеріле берген сәтте ұшақтардың қанаттары бір-біріне тиіп кеткен. Әзірге әуе кемелерінің қалай зақымданғаны туралы хабарланбай отыр.

Лайнерлердің бірінде - 160, екіншісінде -118 адам болған. Оларды белгіленген жерге басқа ұшақтар жеткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар