Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 28 °С
Алматы: 22 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Пойыздың үстімен билетсіз жетіп қалмақ болған көкшетаулық жансақтау бөліміне түсті

2018 жылғы 12 қаңтар 03:45 2117
Бөлісіңіз:
Пойыздың үстімен билетсіз жетіп қалмақ болған көкшетаулық жансақтау бөліміне түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау тұрғыны билетке ақша жұмсамай Астанаға элтектровоздың үстінде жетіп қалмақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды, ол ауыр күйде жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында үйінен қашып кеткен оқушы екі аптадан соң табылды Алматы әуежайында қылмыстық топ Түркиядан контрабандалық алтын өткізбек болған

25 жастағы жігітке Астана жедел жету керек болғанымен, жолына ақша таба алмаған. Ол билетсіз жетуді ойлаған. Сол үшін пойыздың үстіне шығып алған, алайда алысқа бармады. Көкшетау стансасында оны 29 мың вольт тоқ соққан. Денесінің 45 пайызын күйік шалған жігітті ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп отыр.
«Жағдайына байланысты жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оның халі ауыр деп бағалануда, ары қарай динамикасын бақылауда ұстаймыз», - дейді Ақмола облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Елдос Қайыржанов.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат