Пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидің оңтүстігіндегі Сан-хавьер қаласында пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлады дүйсенбі күні Франс Пресс агенттігінен.

Пойыз алдын ала нұсқа бойынша, темір жолдан өтпек болған көлікпен соқтығысқан.

«Көліктің ішінде жеті адам, бес ересек пен екі бала болды. Бір баланың жағдайы ауыр, қалған алты адам ажал құшты», - деп жазады агенттік қаладағы өрт сөндіру қызметінің өкілі Маурисио Энчиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, олар кедеңсіз жағдайдың себептерін тергеуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар