Пойыздан секіріп, разъездегі үйді тонаған 51 жастағы күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүріп келе жатқан пойыздан секіріп, разъездегі үйді тонаған 51 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 11-де Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті теміржол разъезінің тұрғынынан арыз түскен.

Арызданушы әйелдің сөзінше, өзін күйеуінің танысы деп таныстырған бейтаныс ер адам оның үйін тонап кеткен.

«Жедел іздестіру барысында Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, ер адам жүріп келе жатқан пойыздан секіріп түскен. Секірген кезде ол аяғын жарақаттап алған. Бірақ, соған қарамастан күдікті жақын маңдағы жеке тұрғын үйге кіріп, көзіне түскен ұялы телефон мен планшетті жымқырды. Кейін автокөлік жолына шығып, жолай кездескен көлікпен Нұр-Сұлтан қаласына жетіп алмақ болды», -дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 191-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар