Пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шу стансасында пойызда әйел өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шу стансасының жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірді деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, күдікті бұған дейін де сотталған және «параноидты шизофрения» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар