Пойызда босанған әйел сәбиінің есімін дәрігердің құрметіне атады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -«Маңғышлақ-Алматы» пойызында босанған әйел перзентханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сажида Мәлікованы Шымкенттен келген туыстары бүгін перзентханадан шығарып алуға келді.

«Баламыз тұңғыш қызын көруге келе алмады. Ол әскери бөлімде қызмет істейді. Келінімді жүкті кезінде бақылауына алған дәрігердің құрметіне немеремді Саида деп атадық. Сажидаға нәрестесін дүниеге әкелуіне көмектескен пойыз қызметкерлері мен медициналық жұмысшыларға алғысымды бідіремін. Оның бұл кезеңді қиындықсыз өткізгені бәрімізді қуантады», - деді Сажиданың енесі Гүлжамал Шәбілова.

Алматыдағы №4 перзентхана дәрігерлерінің айтуынша, жас анаға барлық медициналық көмек көрсетілген. 

null «22 жастағы Сажида сәбиін «Маңғышлақ-Алматы» пойызында босанды. Шымкенттік дәрігерлер бауыры мен бүйрегінің көрсеткіші бойынша Сажиданы Ана мен баланы орталығына жіберген. Босанатын уақыт 15 шілдеге белгіленген екен. Ұзақ жолдың әсерінен болуы керек, толғақ басталған. Оны жедел түрде бізге жеткізді. Қыздың дені сау, ауытқушылықтар байқалған жоқ. Анасының жағдайы да бірқалыпты», - деді перзентхананың бас дәрігері Зияда Донбаева.

Сажида Мәлікова перзентханадан шыққаннан кейін тұрғылықты жері Шымкентке жол тартты. Еске салайық, Сажида 9 шілде күні № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызында босанып қалған болатын.

Пойыз Шамалған стансасынан жолға шыққан соң әйелді толғағы қыса бастаған. Пойыз бастығы Алматы-1 стансасына жедел жәрдем қызметін шақырған. Қыз баланың дүниеге келуіне екі жолсерік пен жолаушы әйел көмектескен. 

Соңғы жаңалықтар