+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Пойыз жолсерігі елордаға аса ірі көлемде есірткі тасымалдап келген

2019 жылғы 9 тамыз 12:03
Бөлісіңіз:
Пойыз жолсерігі елордаға аса ірі көлемде есірткі тасымалдап келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың көлік полициясы аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған жолсерікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурыз күні сағат 6:10-да Көлік полициясы департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында »Қызылорда-Көкшетау« бағытындағы пойыз жолсерігі - Қызылорда облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу соты санкциялаған жеке тінту барысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін алған 80 000 теңге қаражат табылды. Сәл кейін күдікті сөмкені күтіп алатын адамды іздестіру шараларының нәтижесінде, 1982 жылы туған ер адам ұсталды. Оның жеке заттарынан сараптамаға сәйкес, 3742 грамм «кептірілген марихуана« есірткілік заты табылды», - делінген департамент хабарламасында.

Аса ірі көлемде есірткі затын табу фактісі бойынша екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары сол күні басталды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі және 297-бабы, 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

Тергеу аясында 43 жастағы ер адамның қызметтік өкілеттігін пайдаланып, Қызылорда облысынан елордаға бірнеше рет есірткі заттарын тасығаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық істің екінші фигуранты ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша 3 жылға абақтыға қамалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Тальго» пойызында жолаушы әйелді зорлаған екі жолсерік бас бостандықтарынан айырылған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT