Пойыз вагондарын тонаған теміржолшылар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері жүк вагонынан құны 600 мың теңгеге жуық тауарды ұрлаған теміржол жұмысшыларын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің өкілі шағымданып келген. Оның айтуынша, «ҚХР - Қостанай» бағытында келе жатқан жүк пойызының вагондарының бірінен миндаль салынған 75 қорапты белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 бен 48 жас арлығын құрайтын бес ер азаматты анықтап, ұстады», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында ұсталғандардың Қарағанды облысынан екені анықталған. Тіпті олардың бәрі теміржол ұйымының қызметкерлері болып шықты.

Келтірілген шығын сомасы 590 759 теңгені құрап отыр. Жауап алу кезінде күдіктілер өз кінәларын мойындады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

«Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі, яғни ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - деп хабарлайды департаменттен.


Соңғы жаңалықтар