АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы Нанитон станциясындағы видеобақылау камераларына анасы бірер секундқа ғана пойыз кестесін қарауға бет бұрған сәтте зырғып келе жатқан жолаушылар пойызының баланың бесікарбасын сүйретіп әкеткен сәті түсіп қалған.
Қуанышқа орай, сәби ол сәтте әйелдің қолында болған, деп хабарлайды Daily Mail.
Кадрда көрініп тұрғандай, шаруашылық сөмкелер жатқан бесікарба платформаның соңына дейін жылжып кетіп, пойызбен соқтығысқан.