Пойыз бен автобустың соқтығысуы: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған автобус пен пойыздың соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болып, 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«9 жедел жәрдем көлігі 15 минутта оқиға орнына жетті. 1979 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы үш адам түрлі дене жарақатымен Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам. Үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр», деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.
- БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Ураинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
-
Елімізде күн сайын 2 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады
-
Жатыр мойны қатерлі ісігінің асқынуына не себеп болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам