+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды

2019 жылғы 15 қыркүйек 21:44
Бөлісіңіз:
Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғандағы апат: Автобус жүргізушісі есікті ашпай қойды – куәгер Шамалғандағы апатқа қатысты арнайы комиссия құрылды Пойыз бен автобустың соқтығысуы: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

«Бүгін 19 сағат 30 минутта «Алматы–Қостанай» бағытына қатынайтын пойыз автобуспен соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істер жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі екі адам қайтыс болды деп алдын ала ақпарат берген еді. Бірақ, аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT