Пойыз апаты: Алматыға жеткізілген науқастардың жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пойыз апатынан жапа шеккен 8 адамның денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше 8 жолаушы Алматы-1 теміржол вокзалынан Алматыдағы №4 ауруханаға жеткізілген болатын.

Олардың барлығы жұмсақ тін, шүйде, көкірек қуысы, жамбас-ұршық буыны, жіліншік, бас жарақатымен түскен.

Қалалық емханада науқастарды тексеру үшін барлық мамандардың қатысуымен мультидисциплинарлық команда құрылды.

Тексерудің нәтижесінде барлық пациент амбулаториялық ем қабылдауға үйлеріне қайтарылды.

Еске сала кетсек, Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған болатын.

Сәл кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның себебін тексеретін арнайы комиссия құрылғанын жария еткен еді.

Соңғы жаңалықтар