Постдокторанттарға еңбекақысы 500 мың теңге болатын 1000 грант бөлінеді
2022 жылғы 20 мамыр 12:53

Постдокторанттарға еңбекақысы 500 мың теңге болатын 1000 грант бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Үкімет ғылымдағы жастар санын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Жас ғалымдар үлесін 50%-ға немесе 17 мың адамға дейін ұлғайту міндетін қойып отырмыз. Бұл үшін жас ғалымдардың идеяларын қаржыландыру бойынша арнайы конкурстар өткізіледі. Қазірдің өзінде жалпы құны 26 млрд теңге болатын 451 жоба қаржыландырылып жатыр», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, алғаш рет «Жас ғалым бағдарламасы аясында постдокторанттарға еңбекақысы 500 мың теңге болатын 1000 грант бөлінеді.

«Биылдан бастап жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT