Пост тапсырдым, қабылдадым: Сағынтаев пен Байбек әлеуметтік желіде бір-бірін тегтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде бір-бірін белгілеп (тегтеп), жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter желісінде «постты қабылдадым» деген жазба қалдырып, қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбекті тегтеген.

Ал Бауыржан Байбек өз кезегінде парақшасында «пост тапсырдым» деген жазба қалдырып, Бақытжан Сағынтаевты тегтеді.

Айта кету керек, Бақытжан Сағынтаев бүгін «Nur Otan» партиясының Алматы филиалының төрағасы болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар