Португалияда сәбидің емі үшін «әлемдегі ең қымбат дәріге» екі айда €2 млн қаржы жиналған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Португалияда отбасы дертке шалдыққан екі айлық қызына «әлемдегі ең қымбат дәріге» төлеу үшін €2 млн қаржы жинаған. Бұл туралы EFE агенттігі хабарлады.

Баланың жағдайы туралы ақпарат Португалияда таяуда ғана тараған. Сәби дүниеге келген сәтте оған бірінші деңгейлі бұлшықет атрофиясы диагнозын қойған. Оның салдарынан бүлдіршіннің денесі қозғалмай, қимылдай алмайтын деңгейге жеткен. Емделмеген жағдайда сал ауруына шалдығуы мүмкін деген қауіп пайда болған.

Қыздың ата-анасы диагнозына байланысты биыл мамырда АҚШ-та рұқсат етілген €1,9 млн қаржы тұратын дәріні алмаққа әрекеттенген. Бұл дәрілік зат «әлемдегі ең қымбат дәрі» ретінде танымал, алайда отбасының оны сатып алатын ақшасы болмаған. Ақша жинау кампаниясының арқасында баланың ата-анасы қажетті сомасы екі айдың ішінде жинады.

Соңғы жаңалықтар