Португалияда өтетін Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалияда дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жаңа маусымның беташар жарысы Алмада қаласында 27-29 қаңтар күндері өтеді.

Аталмыш додада әлемнің 81 елінен 500-ден астам дзюдошы бақ сынайды деп жоспарланған.

Әлемдік турнирде Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.

Ерлер:

60 келі: Қанат Сейілхан, Мағжан Шамшадин,

66 келі: Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан,

73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин,

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерден,

90 келі: Дидар Хамза, Ерасыл Жаңатаев,

-100 кг: Нұрлыхан Шархан,

+100 кг: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев.

Әйелдер:

48 келі: Ғалия Тынбаева, Әбиба Әбужақынова,

52 келі: Толғанай Әбеуова, Әйгерім Әбілқадірова,

57 келі: Дана Әбдірова, Севара Нишанбаева,

63 келі: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева,

70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова,

-78 кг: Аруна Жангельдина, Назерке Тілеуханова,

+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.


Фото:prosports.kz

Соңғы жаңалықтар