Португалияда «Эйр Астана» ұшағынан техникалық ақау табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда «Эйр Астана» ұшағында техникалық ақау дабылы қағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2018 жылы 11 қарашада «Эйр Астана» әуе компаниясының Эмбраер-190 ұшағы Португалияда техникалық қызметте болды және сынақтық ұшуда техникалық ақау дабылы іске қосылды. Экипаж Португалияның Бежа қаласындағы аэродромға қонуға мәжбүр болды», - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитетінен.

Ұшақ жерге еш кедергісіз қонды. Оның бортында экипаж мүшелері ғана болған.

Соңғы жаңалықтар