Португалияда апатты жағдайда қонған ұшақ: Тоты Әмірова пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы- бас мемлекеттік авиациялық инспекторы Тоты Әмірова өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олардың алдында мен басымды иемін. Алдын ала айтып қояйын, бұл менің жеке пікірім. Біріншіден, экипаж қолда бар ресурстарды барынша пайдаланды, бұл дегеніміз жермен радиоалмасу, әскери жойғыштардың көмегі және «Апат» дабылын соғу. (Жай кезде ұшқыштар хабарламай өздігінен шешуге тырысады); екіншіден, жерге жоламай, бұлттардан жоғарыға көтерілді және басқарусыз ұшақты өздерінен игеруге тырысты; адам айтқысыз апатты жағдайда штурвалды (тұтқа) тастамай  ақырына дейін күресті; екі рет қона алмағандықтарына қарамастан табандылық танытып 3-інші рет дегенде қондырды; олар басқара алмайтынын түсініп ұшақты бірнеше рет теңізге қарай бағыттауды сұрады. Басқарусыз қалған және үлкен ұшақты су үстіне қондыруда тірі қалу мүмкіндігі тым аз, алайда құрғақ жерде де сондай мүмкіндік еді. Менімше, бұл осындай апатты жағдайда тірі қалудағы алғашқы оқиға.Тексеру жұмыстары аяқталған соң әлемнің барлық ұшқыштары аталған оқиғаны оқу құралы ретінде зерделейтін болады», - деп жазады  Тоты Әмірова өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 11 қараша күні «Эйр Астана» әуе компаниясының Эмбраер-190 ұшағынан Португалияда техникалық қызметтен кейінгі ұшу кезінде техникалық ақау табылып, экипаж Португалияның Бежа қаласындағы аэродромға қонуға мәжбүр болған еді.

Ертеңінен «Air Astana» әуе компаниясының басшылығы орын алған оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді.

 

 

Соңғы жаңалықтар