«Португалия – Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Алғыс айту күнінің маңыздылығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия салдарынан барша әлем тап болған қиындықтар бізден төзімділікті талап етеді. Қазақстан халқы індетпен күресті бірлесіп жеңуге болатынын жақсы біледі. «Португалия – Қазақстан» сауда палатасының төрағасы, «Kazakh Invest» тәуелсіз өкілі Нуно Мигель Афонсо Лопес осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда аталып өтіп жүрген Алғыс айту күні – ол ерекше отбасылық мереке. Пандемия салдарынан барша әлем тап болған қиындықтар бізден төзімділікті талап етіп отыр, ал Қазақстан халқы індетпен күресті тек бірлесіп жеңуге болатынын жақсы біледі. 2015 жылы алғаш рет Қазақстанға келген болатынмын, содан бері осында жылына бірнеше рет сапарлаймын. Қазақстанда өзімді отанымда жүргендей сезінемін, бұған көптеген ұқсастықтар себеп болып отыр. Осы орайда Қазақстандағы және Португалиядағы отбасылық құндылықтарды мысалға алуға болады», - деді Нуно Лопес.

Сонымен қатар ол Қазақстанда қабылдаған азаматтарға алғыс айта келе, мамандардың жақсылығын, қызметтегі кәсібилігін ерекше атап өтті.

Оның пайымынша, Қазақстан халқын бейбітшілік пен келісім, сүйіспеншілік идеясы біріктіріп отыр.

«Қазақстан мен Португалияның ынтамақтастығын дамыту үшін тәжірибесімен, білімімен бөлісіп, мүмкіндік жасаған мемлекеттік және жеке ұйымдарға алғыс айтамын. Мұнымен қоса, сауда палатасының төрағасы ретінде менің миссиямды орындауға қолдау көрсеткен Португалиядағы Қазақстан Елшілігіне ризашылығымды білдіремін», - деді Н. Лопес.


Соңғы жаңалықтар