+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Португалия футболшысы «Тобылға» ауысты

2020 жылғы 8 шілде 23:13
Бөлісіңіз:
Португалия футболшысы «Тобылға» ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалия елінің футболшысы Карлос Фонсека Қостанайдың «Тобылына» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропа лигасы: Бүгін қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталады Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астананың» қарсыласы белгілі болды Чемпиондар Лигасы: «Барселона» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

«Тобылдың» ресми сайты жаңа ойыншылар туралы ақпаратты жариялады. Карлос Фонсека – Португалияның «Санта-Мария» футбол мектебінің түлегі, ол мұнда екі жыл доп тепті. Бұған қоса Карлос «Тирсенсе» және «Фейренси» командаларында ойнады.

«2013 жылы Фонсека «Черноморец» (Бургас) ұжымына қосылды. Кейін Софияның «Славиясына» ауысты. Қазақстанда португалдық ойыншы «Ертіс» құрамында өнер көрсетіп келді. Фонсека 2015 жылы павлодарлықтардың футболшысы атанды. Соңғы жылдары ол «Ертістің» капитаны қызметін атқарды. Хавбек Қазақстан чемпионатында 150 матч өткізіп, 23 гол соқты және 15 голға мүмкіндік жасады», делінген клубтың ресми сайтындағы ақпаратта.

Қостанайлықтар сапына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый да қосылды. Қорғаушымен келісімшарт 2020 жылдың соңына дейін жасалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT