Португалия футболшысы плей-офф кезеңінде гол соққан ең сақа ойыншы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия қорғаушысы Пепе әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңінде гол соққан ең сақа ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швейцариямен матчта капитан ретінде өз командасын бастап шыққан Пепе 33-минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Португалиялық қорғаушының туғанына 39 жас 9 ай толған еді.

Осыған дейін футбол тарихында мұндай жасында ешкім әлем біріншілігінің плей-офф сатысында гол соқпаған.

Бұл кездесуде қосалқы құрамда қалған Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду командаласын қызу құттықтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын пенальти сериясында Жапонияны жеңген Хорватияның ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Ал бүгін Марокко 1/8 финалда Испанияны жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар