Порнографиялық суреттерін жариялаған көкшетаулыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жарнама сайттарында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратқан көкшетаулық бойжеткен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың ақпан айында Көкшетау қалалық ПБ жедел-криминалдық бөлімшесіне Көкшетау қаласы аумағында «Света» деген атпен бір бойжеткен сайттарда порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді таратып, жарнамалап жүргеніндігі туралы ақпарат түсті.

«Аталған факті бойынша 9 ақпанда «Antifraud» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады, ол өз кінәсін мойындады. Белгілі болғанындай, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Сонымен бірге, оның бір жылдан астам уақыт бұрын интимдік сипаттағы қызметтерді көрсете бастағаны және осылайша өзін түрлі сайттарда жарнамалағаныда белгілі болды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, бойжеткенге қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар